Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғындарды ақша салуға тартқан": Ақтөбеде бір жылға жуық полициядан жасырынып жүрген әйел ұсталды

Опубликовано:

Тұтқындау14
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбелік полиция бір жылға жуық құқық қорғау органдарынан жасырынған әйелді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 31 мамыр күні Ақтөбе криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 55 жастағы әйелді ұстаған.

Ол 2020 жылдың тамыз айынан бастап полиция органдарынан жасырынып жүрген. Әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмысты (Алаяқтық) жасады деп күдіктеліп отыр.

Құзырлы органның мәліметінше, 2019 жылдан бері іздеуде жүрген азаматша пайдакүнемдік мақсатта интернет-сайттарды пайдаланып заңсыз байыту ниетімен азаматтарды "Финанс" және "Fenix-24.net" депозиттеріне ақша салуға тартқан, бұл ретте оларға ақшаларын 40 пайыз үстемемен қайтаруға уәде берген.

Ұсталған әйел Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетейіік, бұған дейін депутаттар Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтен қаржылық пирамидаларды заңсыз жарнамалағаны үшін блогерлер мен танымал жұлдыздарды жауапқа тартуды сұраған болатын.

Депутат Юрий Лидің айтуынша, қазір қылмыстық тергеу жүріп жатқан "Мудараба Кэпитал" ЖШС, "Astex.kz" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС сынды компаниялар қазақстандық жұлдыздарды заңсыз бизнесті жарнамалауға тартқан.

Оның сөзінше, егер қазақстандықтар сенетін танымал тұлғалар заңсыз қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатыспаса, материалдық зиян мөлшері мен қылмыстық бизнеске тартылатын азаматтардың саны әлдеқайда аз болуы мүмкін еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915761-turgyndardy-aqsa-saluga-tartqan-aqtobede-bir-zylga-zuyq-policiyadan-zasyrynyp-zurgen-aiel-ustaldy/

pixel