Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқандарға айыппұл салынатын болады

Опубликовано:

Жұмыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде депутат Гүлнар Бижанова Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқанға айыппұл салынатынын мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Еңбек заңнамасына ағымдағы жылдың қаңтарында "жіберуші" және "қабылдаушы" тараптар деген жаңа ұғымдар енгізілді, олардың құқықтары мен міндеттері бекітілді. Осыған байланысты тараптар жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздеу ұсынылады. Жауаптылық қызмет көрсету шартын жасасу кезінде де, оның қолданылу кезеңінде де тараптарды тәртіпке шақыратын болады. Тең еңбек үшін тең еңбек жағдайларына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жіберуші тараптың жұмыскерлері үшін заңнамада көзделген жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін қабылдаушы тараптың әкімшілік жауаптылығын белгілеу ұсынылады", - деді Гүлнар Бижанова мәжілістің жалпы отырысында.

Одан бөлек, президенттің қыркүйек айындағы Жолдауында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге ерекше назар аударғаны сөз етілді. Мұндай бағыт қадағалау органына қосымша талаптар қояды дейді Бижанова.

"Заң бойынша, прокурорға өз қаулысымен барлық заңсыз шешімдердің күшін тез арада жою, сондай-ақ мемлекеттік органдардың негізсіз актілерін тоқтата тұру құқығы берілген. Алайда, оларды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделмеген. Бұл азаматтар мен бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде прокурордың құқық қорғау функциясын төмендетеді. Осыған байланысты біз прокурордың қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық белгілеуді ұсынамыз", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915776-qazaqstanda-zumys-kunin-zansyz-uzartqandarga-aiyppul-salynatyn-bolady/

pixel