Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық, жел, тұман: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде үшінші маусым күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК назарға ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклон сақталады, осыған байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батысының кей жерлерінде қатты жаңбыр болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймағында дауыл күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейіп, кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915778-qatty-ystyq-zel-tuman-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel