"Өткен тәулікте 1385 жағдай тіркелді": Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны азайды
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1385 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 390 376-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 272,
Алматы қаласы - 203,
Шымкент қаласы - 54,
Ақмола облысы - 76,
Ақтөбе облысы - 41,
Алматы облысы - 65,
Атырау облысы - 72,
Шығыс Қазақстан облысы - 85,
Жамбыл облысы - 17,
Батыс Қазақстан облысы - 95,
Қарағанды облысы - 205,
Қостанай облысы - 39,
Қызылорда облысы - 8,
Маңғыстау облысы - 46,
Павлодар облысы - 63,
Солтүстік Қазақстан облысы - 26,
Түркістан облысы - 18.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.
2 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан.
Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.
Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915782-otken-taulikte-1385-zagdai-tirkeldi-qazaqstanda-covid-19-zuqtyrgandardyn-sany-azaidy/