Қазақстан COVID-19-дан көз жұмғандар бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздің коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұрғанын мәлімдеді. Ал әлемдік рейтингке сәйкес, еліміз коронавируспен ауыру көрсеткіші бойынша 221 елінің ішінде 105-орыннан табылған. Өлім-жітім бойынша 106-орында тұр.
"18 мамырдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 362 030, теріс нәтижесімен 54 153 науқас тіркелген. Қазақстан "сары" аймақта тұр. "Қызыл" аймаққа алты өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары кіреді. "Сары" аймақта 5 өңір тұр: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. Ал қалған 6 өңір "жасыл" аймақта", - деді Алексей Цой.
Еске салсақ, бұған дейін Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдегенін жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.
Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.
Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913018-qazaqstan-covid-19-dan-koz-zumgandar-sany-boiynsa-alemdik-reitingte-nesinsi-orynda-tur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.