Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайта түрмеге қамалды

Опубликовано:

Жанар
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны қайтадан түрмеге тоғытылды. Ол темір тордың ар жағында отырып алғаш рет сұхбат берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жанар Толыбаева өзін бүкіл Қазақстан білуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Себебі, мен Денис Теннің ісі бойынша қылмысты біле тұра айтпағаным үшін отырмын. Сол үшін маған 4 жыл жазамды жалпы колонияда өтеуге берген болатын. Бірінші рет сұхбат беріп жатырмын. Бұған дейін сұхбат беруден бас тартып келдім. Бұл жолы сұхбат бергім келіп отыр, себебі мені бір рет емес, бірнеше рет осы жерге қайтарып жатыр", - деді ол.

Айта кетсек, заңға сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады. 2019 жылдың желтоқсанында Жанар Толыбаева осы құқығын пайдаланған. Осылайша, жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Алайда араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамағаны белгілі болды.

Жанар Толыбаева қазіргі уақытта баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

"Осының барлығы осы колонияның сот алқасының қателігі. Өйткені ,олар дәл уақытында марқұмның туыстарына менің сотқа өткізгенім туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл үш айдан кейін қайтадан келіп отырмын. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт "Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды" деп жаза бастады. Оған дейін ешкім ештеңе жазған жоқ болатын", - деді сотталушы.

Осыған байланысты Жанар Толыбаева Қазақстанда заң бәріне бірдей қолданылмайтынына наразы.

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында Денис Теннің өліміне қатысты айыпталғандарға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Ал Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы бекітілді. Жанар Толыбаева 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915786-denis-tennin-isi-boiynsa-sottalgan-zanar-tolybaeva-qaita-turmege-qamaldy/

pixel