Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер шықты: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

3 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1385 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 390 376-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915804-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/