Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“СҚ-Фармация” басшысы Pfizer вакцинасын әкелу мүмкіндігі туралы айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

“СҚ- Фармацияның“ басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Pfizer вакцинасын сатып алу мүмкіндіктері туралы пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Johnson & Johnson вакцина өндірушілерінің қайсымен келіссөз жүріп жатыр? Ол келіссөз қандай сатыда? Орталық комаункациялар қызметінде өткен брифингіде бірыңғай дистрибьютер басшысына осындай сауал қойылды.

”Аталған өндірушілердің бәрімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жағымсыз оқиғаларға байланысты AstraZeneca бойынша келіссөз тоқтатылды. Pfizer-мен үнемі келіссөз жүріп жатыр. Бірақ әзірге жеткізу кестесі бекітілген жоқ және белгілі бір талаптар қойылып отыр.

Қалған вакциналар бойынша келіссөзді Денсаулық сақтау министрлігі жүргізеді. Үкіметтер деңгейінде де хат алмасу жүріп жатыр. CoronaVac бойынша Президенттің тапсырмасынан кейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі көмектесті. Яғни, дипломатиляқ арналар деңгейінде жұмыс жүріп жатыр”, - деді Ерхат Есқалиев.

Компания басшысы Moderna, Johnson & Johnson вакциналары бойынша келіссөз жүріп жатқанымен, нақты нәтиже жоқ екенін растады.

”Әзірге нақты нәтиже жоқ. Бұл жерде өнім көлемі жоқ және кестесі де бекітілмеген. ”СҚ-Фармация” келіссөзге тікелей қатыспайды. Pfizer бойынша білетініміз, кез келген вакцина өндірісінің бағдарламасы нақты бір мөлшермен шектелген. Шексіз кеңейте бере алмайды ғой. AstraZeneca-мен проблемалар туындағанда бәрі Pfizer-ге назар аударып кетті. Бұл нарықтан айқын көрініп тұр. Әзірге ұсынған көлем мақұлданған жоқ және келісімшартпен бекітілген жоқ. Әзірге осындай сатыда тұрмыз”, - деген ”СҚ-Фармация“ басшысы ”Спутник Лайт“ бойынша да жеткізу кестесі бекітілмегенін мәлім етті.

“Ал SinoVac бойынша 500 мың доза кесте бекітілген болатын. Ол жеткізілді де. Әзірге жаңа көлем туралы мәлімет жоқ”, - деді Ерхат Есқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916117-sq-farmaciya-bassysy-pfizer-vakcinasyn-akelu-mumkindigi-turaly-aitty/

pixel