Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешу үшін өңір қазынасынан 200 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, шілде айынан бастап 5 ауданға азық сатып алынады.

«Келесі айдан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 5 ауданына 2200 тонна азық сатып алынады. Бөлінген қаржы «Каспий«ӘКК арқылы игеріледі. Ал көрші өңірлердің жекеменшік иелері 15 маусымнан бастап шөп жеткізуге дайын», - деді Серік Қалдығұлов.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, шаруа қожалықтары үшін жем-шөп дайындау науқаны жедел басталды.

Аймақ әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жем-шөп жеткізу, сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ақтөбе облысының аудандарымен келісімдер бар. Олар – Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір аудандары.

Бұған дейін соңғы жылдары Маңғыстау облысында қуаңшылық белең алып, әсіресе биылғы жыл шаруаларға тым ауыр соққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916176-mangystau-oblysyndagy-quansylyq-byudzetten-200-mln-tenge-bolinedi/

pixel