Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер көлікке оқ атты: Арқалықта рөлде отырған жасөспірімнің әкесі кешірім сұрады

Опубликовано:

Сергей
Видеодан кадр: YouTube

Арқалықта жол талғамайтын көлікті тізгіндеген жасөспірімнің видеосы қоғамдық резонанс туғызды. Көлікті полицейлер тоқтатпақ болған. Алайда жолаушылар орындығында нұсқау беріп отырған әкесі оған тәртіп сақшыларынан қалай қашып кету керектігін үйреткен. Mitsubishi Pajero көлігінде отырғандар заңды талапқа бағынбағандықтан, полицейлер көліктің дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болған. Енді 14 жастағы жүргізушінің әкесі қазақстандықтардан кешірім сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің атым Сергей. 31 мамыр күні мен Mitsubishi Pajero автокөлігімен полиция қызмекерлерінен қаштым. Оның рөлінде менің кәмелет жасына толмаған балам отырды.

Видеоны көп адам көрді деп ойлаймын. Мен де оны өзім көрдім, сөгіп жатқан пікірлерді оқыдым. Әрине, мен олармен келісемін. Мен балаға, жол қозғалысына қатысушыларға, жаяу жүргіншілерге дұрыс істемедім. Мен бәрінің алдында кешірім сұраймын.

Сондай-ақ мен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері бәрін заң аясында дұрыс істегенін айтқым келеді. Олар мені тоқтатпағанда не боларын білмеймін. Олар бізді тоқтатты. Олар туралы да дұрыс істемеді, көлікке атты деп жатыр. Бірақ олар дөңгелекке атып, бәрін дұрыс істеді. Өйткені одан да сұмдығы болуы мүмкін еді.

Барлық кінә тек менде. Сондай-ақ мен қауіп төндірген барлық жол қозғалысы қатысушыларынан және жаяу жүргіншілерден кешірім сұрағым келеді, бұның бәрі адам көп жүретін көшеде болды. Мұндай әрекеттің бұдан кейін қайталанбайтынын айтқым келеді. Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын және толық көлемде жауап беремін", - дейді жасөспірімнің әкесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде көліктің салонынан түсірілген видео пайда болған еді. Рөлде бала отырған. Ал оған нұсқаулықты әкесі берген. Көлікті тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанымен, көліктегілер заңды талапқа бағынбаған. Содан кейін полицейлер көліктің артқы дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болған.

Қостанай облысының полиция департаменті қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады. Нәтижесінде табельдік қаруды қолдану орынды деп танылған.

Баланың 35 жастағы әкесіне екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916209-policeiler-kolikke-oq-atty-arqalyqta-rolde-otyrgan-zasospirimnin-akesi-kesirim-surady/

pixel