RU

Шымкентте 18 жастағы үш жігіт "терроризмді насихаттады" деген күдікпен сотта жауап беруде

Өзен жағасындағы жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте небәрі 18 жастағы үш бозбала, "терроризмді насихаттады" деген күдікпен сот алдында жауап беріп жатыр. Оларға сондай-ақ, "діни алауыздықты қоздыру" сынды тағы бірнеше баппен айып тағылған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында қаралып жатыр. Өйткені, күдіктілер ұсталған уақытта, олардың бірі 17 жаста болыпты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің назарына ілігіп, өткен қазан айында қамауға алынған үш жігіт - бір сыныпта оқыған, өзара достар. Сайрам тұрғын алабының тұрғындары.

Тергеу барысында жастардың өзара терроризмді насихаттаны дәлелденді дегенмен, олардың ата-аналары мұның бәрі жала деді. Әдейі ұйымдастырылған әрекет деп санайды.  

"Намаз оқу, Оразада ұстау, Алла жолында жүру мысалы Пайғамбар \с.ғ.с.\ айтқаннан кейін балам сол хадисті айтқанда. "Дін жолында өмірімді бағыштасам.." деген сөздерді айтқан. Соған "өзін өзі құрбан ету" деп айыпталып жатырда", - дейді Ұлықбек Туламетов.

"Ұлымнан олар әңгіме барысында сұраған: "Егер елімізге дұшпан келсе қорғайсың ба?"- деп сұраған. Ұлым: "иә, қолыма автомат алып атамын" деген. Олар осы сөзді терроризмге оқталу деп санап отыр. Қару алып қорғаймын деген сөзді іліп алып отыр", - дейді Фахриддин Имамрасулов.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916212-symkentte-18-zastagy-us-zigit-terrorizmdi-nasixattady-degen-kudikpen-sotta-zauap-berude/