Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Польша арасында әуе қатынасы қайта жанданады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан мен Польша арасында әуе қатынасы қайта жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің telegram арнасында хабарланды.

"Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы рейстерді 2021 жылғы 10 маусымынан бастап Польшаның "LOT Polish Airlines" әуе компаниясы қайта жаңғыртып, аптасына 1 рейспен ұшуды жоспарлап отыр.

Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава бағытындағы алғашқы рейс 10 маусымда орындалады. Әрі қарай екі ел астаналары арасындағы рейстер аптаның дүйсенбі күндері B–737 әуе кемесімен орындалады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай шешімді Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 28 мамырда қабылдаған еді.

Осы ретте Қазақстан мен Польша арасындағы рейстер санын ұлғайту туралы шешім эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданатыны атап өтілді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916230-qazaqstan-men-polsa-arasynda-aue-qatynasy-qaita-zandanady/

pixel