Қазақстандықтар ақша салмауы керек компаниялардың тізімі жарияланды
Жарияланған күні:
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзінің ресми сайтында қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ компаниялардың тізімін жариялады.
Ведомство 2020 жылдан бастап агенттікке жоғары кірістілік кепілдігіне уәде бере отырып, клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензияланбаған компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша 40-тан астам шағымдар мен өтініштер түскенін хабарлады.
"Осындай компаниялар көп жағдайда оффшорлық аймақтарда тіркелген және олардың қаржы реттеушісінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге консультациялар беруді ұсынады және өз сервистері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағында аталған компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді", - дейді агенттік.
Сонымен бірге, бұл ұйымдардың жұмыс істеу схемасы клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау үшін жабық интернет-сервистерге және сауда платформаларына қашықтан кіру берілетінін болжайтыны хабарланды.
"Мұндай платформаларда клиенттер өздерінің жеке кабинетінде өз қаражатының "ұлғаюын" байқауы мүмкін. Клиент "тапқан" кірісін алуға әрекет жасаған кезде, бұл компаниялар ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап ете отырып клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады, не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарының негізсіз "күшін жояды", бұл да алаяқтық әрекеттер белгісіне ие болады", - дейді агенттік.
Осы ретте агенттік лиценциясы жоқ 45 "инвестициялық компанияның" тізімін жариялады:
- "SECVISION LIMITED" (TRADING TECK)
- AdvanceStox (Malarkey Consulting LTD)
- Apexcrypt LTD
- Avance.Fund
- AxeCapital
- Azambusiness
- Capital level
- FinAxis
- Fin-case Ltd
- Fincentra LTD
- Trust Company Complex
- Forex Optimum Group
- Global Alliance
- Halykcompany
- Histmo
- Icon investing
- IINTERNATIONAL
- VERSION FINANCIAL SOLUTION
- Infiniko Invest Trade LTD
- Infiniko Superbinary
- Lab Finance
- LBC-CAPITAL
- Lime FX (Rest Soft LTD) және Prometheus LTD
- MarketsSoft
- Invest Absolut
- Maxi Markets
- Limited
- Maxi Platinum Ltd
- Oldix group kft
- Pineda International SP
- Prime Capitals
- RAISE TRADE LTD
- Remaxima
- Siriusfn
- TBXCapital
- Terra Finance
- TitanPro 500
- TraderKing
- Trading Times
- UMARKETS (PROMETHEUS LTD)
- Waxx Capital Ltd
- Wexness Banc
- Winmarkets
- АО EVROASIA GLOBAL INVESTMENT"
- ТОО "Международное бюро консалдинга" QNET
- ТОО "EVROPA INVESTMENT"
- ТОО "Астра консалтинг агенси"
- Global Trade Investing
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916233-qazaqstandyqtar-aqsa-salmauy-kerek-kompaniyalardyn-tizimi-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.