RU

Экономикалық форумға келген Владимир Жириновский қымыз сұрады (видео)

Владимир Жириновский
Владимир Жириновский. Видеодан кадр: YouTube

Журналистер Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда түсірілген видеоны жариялады. Роликте Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновский көрсетілген. Мемлекеттік дума депутаты қымыз талап еткен.

Саясаткер башқұрт алкогольді өнімдерінің стендіне қарап, қымыз қайда екенін сұраған.

"Қымыз қайда?", - деп сұрайды Владимир Жириновский.

Оған "Башспирт" компаниясының өкілі "Бізде қымыз емес, арақ" деп жауап берген.

"Қажет емес, келесі жолы әртүрлі қымыз болсын", - деп тапсырады депутат.

Алайда ол стендте тұрған алкогольдің бірін алып, көмекшісі пакетке салып қойған.

Кейінірек, "Подъем" басылымына Владимир Жириновскийдің баспасөз қызметі мәлімет беріп, жағдайды түсіндірген.

"Владимир Вольфович Қазақстанда туған, қымызда Орта азиялық сусын. Сол себепті ол кейде бар ма-жоқ па деп сұрайды. Бірақ, жалпы алғанда ол мүлдем ішпейді. Олар өздеі ұсынған соң ол келісіп, алкогольдің бірнеше бөтелкесін алды. Ұрса - қаш, берсе - ал", - дейді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Жириновский өзінің құрметіне Алматыдағы Масанчи көшесінің атын өзгертуді ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916236-ekonomikalyq-forumga-kelgen-vladimir-zirinovskii-qymyz-surady-video/