Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкентай Месси": Төрт жасар қазақстандық футболшының ойыны көпшілікті таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ислам Орымбаевтың жеке мұрағаты

Желіде төрт жасар астаналық футболшының ойын үлгісі тарап, көпшіліктің жоғары бағасына ие болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жас футболшының есімі Имран. Оның жаттықтырушылары бүлдіршінді "кішкентай Месси" деп атайды.

Имранның әкесі Ислам Орымбаев ұлы футболға өте ерте жастан бастап қызығушылық танытқанын жеткізді. Ал төрт жасында ол ерекше қабілеттерін көрсетті, дейді ол.

Оның сөзінше, баласы кез-келген жағдайда ала допты ұршықша иіріп әкететін болған.

Ислам Орымбаевтың өзі де балалық шағында футболмен айналысқан.

Ал Имранның жаттығулары алты ай бұрын, небәрі үш жарым жасқа толған кезде басталған.

"Таңертең көзін ашқан бойда бірден допқа жүгіреді. Кейін оны үйде жаттықтыра бастадым. Мен оған барлық техниканы үйреттім, бірақ оның өзіндік қабілеті, таланты бар. Қысқа уақыт ішінде бәрін жылдам меңгеріп алды", - дейді Ислам Орымбаев.

Имран Пеле, Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Криштиану Роналдуды футболдағы пірі санайды. Ол әйгілі спортшылар туралы фильмдерді жиі көреді, дейді әкесі.

Жас футболшының қабілетін футбол мектебінің жаттықтырушысы бағалап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916278-kiskentai-messi-tort-zasar-qazaqstandyq-futbolsynyn-oiyny-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel