Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қатты дауыл болып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті (фото)

Опубликовано:

Жел
Фото: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Шымкентте соққан қатты дауыл сегіз көп қабатты үй мен тағы бірнеше жеке ғимараттың шатырын ұшырып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаладағы ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

6 маусым күні Шымкентте дауылды ескерту жарияланған. Осы күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілген.

ТЖД мәліметінше, бұл туралы тұрғындарға 5 маусымда ескертілген. Алайда желдің нақты жылдамдығы жоғары болды. Нәтижесінде бұл бірнеше үйге, соның ішінде жеке үйлерге де зиян келтірді.

"6 маусым күні кешкі сағат 18:25 пен 18:36 аралығында Шымкентте желдің жылдамдығы 15-тен 28 м/с дейін жетті. Нәтижесінде Абай ауданындағы бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданындағы бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданындағы төрт бес қабатты үйдің және Қаратау аауданындағы бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Жалпы 8 көпқабатты үйге зиян келтірілді. Одан бөлек, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке ғимараттың шатыры ұшқаны тіркелді", - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.
Жел
Фото: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Ұшқан шатырдың жалпы аумағы 585 шаршы метрді құраған.

Сондай-ақ 36 шаршы алаңдағы көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы жұлынып кетті. Ұшқан шатырлар мен қаптамалардан басқа ағаштар да құлады. Мұның барлығы сегіз көлікке зақым келтірген.

Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ТЖД 25 қызметкері мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916339-symkentte-qatty-dauyl-bolyp-birnese-gimarattyn-satyryn-usyryp-aketti-foto/

pixel