Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткендер құтқарылды (фото)

Опубликовано:

Құтқару сәті
Фото: ТЖД

Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткен үш адам құтқарылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алтыншы маусым күні сағат он екілерде Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан Біркөлік шатқалындағы сарқырамаға бет алған үш жігіт адасып кеткен. Жігіттердің адасып кеткені туралы хабарлама 6 маусым күні сағат 15.40-та Түркістан облысы Төлеби ауданының өрт сөндіру қызметіне келіп түскен.

Құтқару сәті
Фото: ТЖД

Үшеуі де бірге демалуға келген Сарыағаш ауданының тұрғындары екені анықталып отыр. Одан бөлек, тау шатқалында адасып кеткендердің 1994 жылы туған, 1993 жылы туған және 1994 жылы туған жігіттер екені белгілі болған.

Құтқару сәті
Фото: ТЖД

Құтқарушылар тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат 17.25-те адасып кеткен жігіттер табылып, құтқарылған. Жарты сағаттан соң олар Шымкент қаласындағы әуежайға жеткізілген.

Тау шатқалына демалысқа барып адасып кеткендердің айтуынша, демалушылар Біркөлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барған. Қайтып келе жатқанда олардың біреуі ауырып қалып және олар өздігінен таудан түсе алмайтынын түсінген.

Құтқару сәті
Фото: ТЖД

"Сағат 16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы және Түркістан обылысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген.

17:25-те тікұшақпен іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды. Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді,"- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916351-turkistan-oblysynda-tau-satqalynda-adasyp-ketkender-qutqaryldy-foto/

pixel