Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасылық кикілжің де болған емес": Бір жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл жайлы не білеміз

Опубликовано:

Ауыл
Фото: polisia.kz

Атырау облысында бір жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар деп хабарлайды polisia.kz.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында соңғы бір жылдан бері ешқандай қылмыстық оқиға тіркелмеген.

Ауыл тұрғындары мұндай нәтиже учаскелік полицейдің қызметі деп біледі. Олардың айтуынша, учаскелік полицей Ғаламат Алданбаев тағайындалғалы ауылдық огругте бұзақылық болмаған.

"Ауылымыз шағын әрі тыныш, халық саны 900-ға жуық. Ауылымызға тағайындалған учаскелік полицей халықпен тіл табыса біледі. Ауылды күнделікті аралайды, халық жағдайын біліп тұрады. Ол келгелі бері ауылымызда бұзақылық болған емес. Тіпті, отбасылық кикілжіңдер де болған емес", – дейді Ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағасының басшысы Түзенбай Урбисинов.

Полиция қызметкері Ғаламат Алданбаев Тайсойған ауылында 2020 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

"Тайсойғанда жағдай тұрақты. Қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл аймақта бұрын сотталғандар және басқа да полицияның профилактикалық бақылау есебінде адамдар тұрмайды. Ауыл тұрғындарымен кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp желісінде ашылған чат арқылы үнемі байланыста отырамын. Алдағы уақытта құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында қызмет ете беремін", – дейді ол.

Ал ауыл тұрғындарының бірі, айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров бірлігі біте қайнасқан ауылда қылмыс болмайды деп үміттенеді. Ол да тұрғындардың тату-тәтті өмір сүруінің бір себебі - учаскелік полицейдің еңбегі екенін жоққа шығармайды.

"Біздің ауыл әуелден ынтымағы ымыраласқан, тыныштықты ту еткен қасиетті киелі берекелі ауыл. Ауылдың әрбір адамы үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайды. Соның арқасында біздің ауылда қылмыстық оқиғалар тіркелмеген және болмаған. Болмайды деп сенеміз.

Оның үстіне ауылдың полиция инспекторы Ғаламат Алданбаевтың күндіз - түні аянбай еткен еңбегінің арқасында ауылдың қазір күні де, түні де тыныш", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916501-otbasylyq-kikilzinder-de-bolgan-emes-bir-zylda-birde-bir-qylmys-tirkelmegen-auyl-zaily-ne-bilemiz/

pixel