Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында газхимия кешеніндегі 23 жұмысшы түскі астан уланып қалды

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, қылмыстық іс қозғалды деп жазады "Ақ Жайық".

"3 маусым сағат 19.45-те "BazisConstruction" ЖШС-нің 21 жұмысшысы тамақтан улану белгілерімен №2 облыстық ауруханаға бір уақытта жеткізілді. 4 маусым күні сағат 01.00-де тағы екі адам түсті, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Улану белгілері - бас айналу, құсу, әлсіздік және іш өту", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, түскі астан кейін жұмысшылар медициналық пункттен көмек сұраған. Содан кейін олар ЖШС көлігімен №2 облыстық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала диагноз - тағамдық токсикоинфекция. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста, ең үлкені 49-да.

Алдын ала тексеру жұмыстары жұмысшылардың "BazisConstruction" ЖШС асханасында тамақтанатынын, ал тамақтануды ұйымдастыратын кейтеринг компаниясы басқа жеке кәсіпкер екенін көрсеткен.

Сонымен қатар, асханада толассыз технологиялық процес сақталмайтыны, қосалқы орынжай қарастырылмағаны, тоңазытқыштарда тауарлық көршілестік принципі сақталмағаны, шикізаттың дайын тағаммен бірге сақталғаны, ас үй ыдыстары таңбаланбағаны және мақсатына сай қолданылмайтыны, азық-түліктің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқ екені анықталған.

Басылымның жазуынша, бүгінде асхана жабық, ол жерде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

"Науқастар "Манпар сорпасы", "Бұршақ сорпасы", сиыр етінен жасалған гуляш, қайнатылған шұжық, пісірілген тауықтың төс еті, қайнатылған қарақұмық, макарон, қырыққабат салаты ұсынылған түскі асты ішкеннен кейін уланғанын айтады", - деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция департаменті аталған факті бойынша 304-баптың 1-тармағына сәйкес (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді адамдардың жаппай улануына әкеп соққан бұзу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бастаған.

"BazisConstruction" ЖШС-нің 300-ден астам жұмысшысын дәрігерлер бақылауына алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916506-atyrau-oblysynda-gazximiya-kesenindegi-23-zumyssy-tuski-astan-ulanyp-qaldy/

pixel