Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 500 теңге аудару арқылы ағаш отырғыза алады

Жарияланған күні:

Ағаш отырғызу
Фото: Eurasian Bank

Қазақстандықтар жаңадан құрылған қордың шотына небәрі 500 теңге аудару арқылы елді көгалдандыруға өз үлесін қоса алады. Бүгінде кез келген жан қосымша күш жұмсамастан, ағаш отырғыза алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұндай мүмкіндікті республика тұрғындарына Eurasian Environmental Fund қоры ұсынады. Аталмыш қор жуырда MasterCard, Еуразиялық банк және Қаланың жасыл экономика басқармасымен экологиялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

5 маусым - Экологтар күнінде меморандумға қол қою құрметіне орай оңтүстік мегаполистегі Есентай өзенінің бойына 75 балды жөке отырғызылды. Алайда бұл шекті көрсеткіш емес: енді әркім көшет санын көбейтуге атсалыса алады.

Ағаш отырғызу
Фото: Eurasian Bank

Ол үшін Еуразиялық банктің сауда орталықтары мен филиалдарында қор орнатқан стендті табу жеткілікті, оның көмегімен карточканы бір рет жақындату арқылы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қаражат аударуға болады. Әзірге жоба тек Алматы қаласында іске қосылған, бірақ көп ұзамай ол Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді болады.

Ағаш отырғызу
Фото: Eurasian Bank
"Мен серіктестеріміз - Еуразиялық банкке, MasterCard-қа және Алматы әкімдігіне осындай жобаны Қазақстанда алғаш рет іске қосып, қоршаған ортаны қолдауға ірі халықаралық қаржы институттарын тарта алғанымыз үшін алғыс айтамын. Біз үшін Алматы - модельді бейімдегіміз келетін пилоттық қала", - деді АХҚО Жасыл қаржы орталығы қорының бас директоры Айдар Қазыбаев.

Оның үстіне, Еуразиялық банктің экологиялық карточкаларымен қызметтер мен тауарлар үшін жасалған төлемдерден түсетін бонустардың бір бөлігі қордың шотына аударылады және қоршаған ортаны жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеуге әрі саябақтар ашуға жұмсалады. Бұл туралы Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов айтып берді.

Ағаш отырғызу
Фото: Eurasian Bank
"Еуразиялық банк MasterCard-пен және АХҚО жасыл қаржы орталығымен бірлесе отырып, біздің банк шығарған экологиялық карточкалардағы бонустың бір бөлігін Алматы қаласын көгалдандыру үшін жұмсауға бағытталған бастаманы іске қосты, кейін біз жобаны бүкіл елді қамти алатындай кеңейтеміз деген үміттеміз. Бүгін біз Есентай өзенінің бойына алғашқы 75 ағашты отырғыздық. Олар жайқалып өскен сәтте өткен-кеткендерге көлеңке сыйлай алатын балды жөкелер. Біз сондай-ақ азаматтардың бұл бастаманы қолдайтынына сенеміз. Біз қоршаған ортаны қолдау мақсатында қайта өңделген пластиктен жасалған арнайы экологиялық карточкалар шығарамыз. Жоба аясының қаншалықты кең болатындығы тұрғындардың бастамамызды қолдап әкетуіне байланысты болып отыр", - дейді Валентин Морозов.

Алматы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның айтуынша, қала тұрғындарының күш-жігері мегаполистің экологиясын жақсартуға көмектеседі.

Ағаш отырғызу
Фото: Eurasian Bank
"Бүгін, Экологтар күнінде әрбір тұрғын кішігірім қаражат жіберу арқылы ағаш отырғызып, әрі оған күтім жасауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы үшін қолға алынған жоба іске қосылды. Ағаш отырғызудан бөлек, ағашты екі жыл бойы күту өте маңызды, себебі дәл осы уақыт аралығы өсімдіктің жаңа ортаға бейімделуіне әсер етеді. Бұл Алматының бау-бақша қаласы мәртебесін қалпына келтіруге көмектесетін үлкен жоба", - дейді Ливинская.

Қаланың болашағын ойлайтын кез келген адам жобаның қатысушысы бола алады. Кішігірім қаражат жіберу арқылы кез келген жан мегаполисті көгалдандыруға үлес қосқандығын сенімді түрде айта алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916522-qazaqstandyqtar-500-tenge-audaru-arqyly-agas-otyrgyza-alady/