RU

Петропавлда жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті (видео)

көлік11
Кадр: Астана арнасынан

Петропавлда жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, желіде тараған бейнежазбада байқалғандай су таситын көліктің жүргізушісі артқа шегінбекші болған. Алайда, сол мезетте еңіске түскен көліктің тежегіші істен шыққан.

Жүргізуші жол шетінде келе жатқан адамды қағып кетпеу үшін рөлді басқа жаққа бұрып жіберген. Салдарынан автотұрақта тұрған екі көлік соқтығысып, соның біреуі алға қарай жүріп кетіп, бетон қабырғаны қиратқан.

Абырой болғанда, көліктердің ішінде ешкім болмаған. Ал су таситын көліктің 56 жастағы жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Әкімшілік кодекстің 610 бабы бірінші бөлігі бойынша 20 МРП айыппұл, одан кейін сотқа байланысты 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ол енді соттың шешіміне байланысты. Көлік жүргізушісі мас емес. Материал жинау кезінде алкогольдік тест бәрі өткізілді", - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Алмас Еркешов.

Авторы: А. Құрманкин

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда көлік үйге соғылып, ұйықтап жатқан қыз баланың үстіне кірпіш құлаған еді.

Полицияның мәліметінше, ВАЗ-21099 көлігі Гагарин көшесімен қозғалып бара жатып, Audi көлігіне соғылған. Соңғысы сол қозғалыспен үйге барып соғылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916533-qyzylzarda-zenil-kolik-beton-qabyrgany-tesip-otti-video/