RU

ШҚО-дағы арнайы операция: Үш ағайынды есірткімен ұсталды

Ұстау
Видеодан кадр: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері есірткі бизнесінің жолын кесу үшін тағы бір арнайы операция өткізіп, нәтижесінде үш күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, бұл жолы құқық қорғау органдарының назарына 35 пен 40 жас аралығындағы үш ағайындыдан тұратын қылмыстық топ іліккен.

Өскемен қаласында тұратын олар "гашиш" есірткі құралын сатумен айналысуды шешкен.

Ағайындылардың ең кішісі осы заттың ірі партиясын облыс орталығына әкелудің жолын тапқан. Алайда, полиция қызметкерлері олардың қылмыстық жоспарларын жүзеге асыруларына мүмкіндік бермеген.

27 мамырда өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде аталған қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталған. Олардың әрқайсысынан есірткі тәркіленіп алынған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев тінту барысында тәркіленген "гашиш" есірткі затының жалпы салмағы 10 келіні құрағанын жеткізді.

Оның сөзінше, бұл екі мың рет қолданатын дозаға тең.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткі Өскеменге еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталуда, полицияға олардың әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Көрнекі
Видеодан кадр: polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916544-sqo-dagy-arnaiy-operaciya-us-agaiyndy-esirtkimen-ustaldy/