RU

Шымкентте өзін бас дәрігерден "туысы" екенін айтып, сес көрсеткен азаматтың видеосы тарады

Ер адам11
Кадр: Видеодан

Осыған дейін "адам ағзасын заңсыз алды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "жалған құжат пайдаланды" деп айыпталып, бір жылдай қамауда отырып, кейін ақталып шыққан Шымкент қалалық №1-клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың басы тағы дауға қалды деп хабарлайды 31 арна.

Әлеуметтік желіде Абылай Донбайдың "туысымын" деп таныстырған ер адамның әрекеті көпшіліктің талқысына түсіп жатыр.

Кадрдан ер адамның Шымкент қалалық №1-клиникалық ауруханасының қызметкеріне дауысын көтеріп сөйлегенін байқауға болады.

Видеодан оның анализ қорытындысын сұрағанын, ол үшін медицина қызметкеріне екі минут уақыт беретінін айтып, сес көрсетіп жатқанын естіледі.

"Тіпті ашуға булыққан азамат маманға сыртқа шық деп бұйырған", - деп хабарлайды телеарна.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жазбаға сай, қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Ал бас дәрігердің өзі шу шығарған азаматты танымайтынын жеткізген.

"Ол жерде ешкімді танымаймын. Тіпті, түсірген адамды, кім жазғанды да ешқайсысын танымаймын", - дейді Абылай Донбай.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін демалыс күні қызметтік Land Cruiser көлігімен Павлодарға келген аудан әкімінің басы дауға қалған еді.

Осы ретте Май ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Марат Ақтаев демалыс күні расымен де Павлодарға барған. Алайда ол қалаға жұмыс бабымен келіпті. Потенциалды инвестор өкілімен кездескен екен.

"Инвестициялық жоба өкілімен кездесу болды. Онда суғару мен мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта аталған жобаның іске қосылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді", - деп хабарлады Май ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916558-symkentte-ozin-bas-darigerden-tuysy-ekenin-aityp-ses-korsetken-azamattyn-videosy-tarady/