RU

"Семей орманы" резерватының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

Фото
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды altaynews.kz.

Ведомство өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған іске қатысты тергеуді бастап кеткен.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шығын мөлшері анықталып жатыр", - деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Әзірге тергеу талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейтіндігі белгілі болды.

Ведомство хабарламасында, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығаратынын мәлімдеген.

Еске сала кетейік, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағы Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан 6,6 есе артық болып табылады.

Бүгінде қарағайлы орман тек облыс тұрғындары үшін ғана емес, сонымен бірге, барлық республика халқы үшін эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызына ие орман алқабы болып саналады.

Басылымның мәліметінше, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты орманды сақтау және қорғау мәселесі – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916685-semei-ormany-rezervatynyn-lauazymdy-tulgalary-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/