jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Газдалған сусынның біз ескермейтін қаупі: ғалымдар тағы бір зиянын анықтады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусынның миға қауіпті екенін ескертті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Америкалық диетолог Бриттани Любектің айтуынша, кофеин қосылған газдалған сусын тәуелділік тудыруы мүмкін.

"Газдалған сусындағы кофеинді үнемі қолдану мидағы химиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан сіз осы суды қайта-қайта ішкіңіз келеді", - деп түсіндіреді ол.

Кофеин қосылған газдалған сусын ұйқыға да зиянды, деп ескертеді британдық дәрігер Крис Эйри. Sleep Health ғылыми журналында жарияланған зерттеу ұйқының аз болуын кофеин қосылған газдалған сусынды көп ішумен байланыстырды.

Кофеинсіз газдалған сусын да зиян. Америкалық трофолог (тамақтану ғылымы маманы) Эмили Нобл бала кезде газдалған тәтті сусын көп ішкендердің кейін есте сақтау қабілеті бұзылуы мүмкін дейді.

Қантсыз газдалған сусынның да ағзаға кері әсері бар. "2017 жылғы зерттеуде инсульт пен деменция қаупінің жоғарылауы диеталық газдалған сусынмен байланысты деген қорытынды шығады", - дейді америкалық диетолог Холли Клеймер.

Stroke ғылыми журналында жарияланған зерттеуде  газдалған сусын ішетін адамдардың инсульт пен Альцгеймер ауруына үш есе жиі ұшырайтыны айтылды.

Газдалған сусынның біз ескермейтін қаупі: ғалымдар тағы бір зиянын анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.