Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала шақтан болашаққа дейін: Нағыз экожүйеге айналған бірегей жобалар туралы не білесіз

Опубликовано:

онлайн білім
Көрнекі фото: ironfriends.ru

Адамның жеке тұлға ретінде дамып, өсуінің нағыз экожүйесіне айналған OrdaGen, Daryn Online, Daryn Tandau, Horda туралы білесіз бе? Бұл жобалар білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, жастар ресурсын тиімді пайдалануды көздейді. Сондай-ақ, аталған платформалар адамды бала шағынан болашағына дейін жарқын жолмен жетелеуге ат салысады.

Мәселен, ұл-қызыңыздың балдырған бақытты шағын таным-құндылыққа толтырғыңыз келсе, OrdaGen жобасына арқа сүйей аласыз.

Платформада аудио және жазба түрінде мыңға жуық ертегі-әңгімелер бар. Барлық ертегі 33 құндылыққа сай жазылған.

Онда отбасы құндылықтары мен ұлттық әрі қоршаған орта құндылықтары көрініс тапқан.

Балаңыз мектеп табалдырығын аттаған бетте сізге Дарын Онлайн жобасы тиімді көмек көрсете алады. Платформаға Қазақстанның үздік педагог мамандарының видеосабақтары жүктелген.

Видеосабақтар бірінші және он бірінші сыныптардың пәндік материалдары бойынша өткізіледі. Одан бөлек қазіргі cұраныстағы мамандықтар бойынша біліктілікті арттыруға да мүмкіндік туып отыр.

Оқушылардан бөлек мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге әрі табысын арттыруға көзделген Daryn Tutor және Daryn Teacher жобалары да іске қосылған.

Бұл - оқушы мен ұстаз арасындағы уақыт пен қашықтыққа бағынбайтын, білім берудегі оңтайлы әдіс. Мамандар табысын, оқушылар білімін арттыратын креативті жүйе.

Мектептен түлеп ұшқан оқушылардың алдында маңызды таңдау болады. Болашаққа қадам басқалы тұрған түлектерге бұл жолда дұрыс шешім қабылдау үшін – Дарын Таңдау жобасы көмектесе алады.

Платформада ақша мен уақытты үнемдей отырып, жас түлек өзі қалаған отандық немесе шетелдік жоғарғы оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігіне ие болмақ.

Қазіргі таңда жоғарғы оқу орнын тәмамдаған студенттердің мамандықтарына сай, ұнамды жұмыс табуы қиындық тудырып тұр.

Bugin Holding командасы осы ретте жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «Хорда» жобасына күш біріктіруде.

Бұл платформада сіз өзіңіз меңгерген, жаныңызға жақын мамандық бойынша вакансияларды қарастыра аласыз.

Аталған экожүйенің негізгі миссиясы: кез келген жағдайда, қашықтыққа қарамастан білімді қолжетімді қылу. Сонымен қатар жастар ресурсын тиімді пайдалану. Болашақ – білімді, білікті мамандармен бірге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916814-bala-saqtan-bolasaqqa-deiin-nagyz-ekozuiege-ainalgan-biregei-zobalar-turaly-ne-bilesiz/

pixel