Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ай сайын 3000 доллар": Құқыққорғаушы Сингапурде туған немересіне үкімет тағайындаған жөргекпұл туралы айтты

Опубликовано:

Ляззат Ракишева
Фото: Facebook/Ляззат Ракишева

Құқық қорғаушы, "Human Rights Lawyers" қорының президенті Ляззат Ракишева Қазақстандағы жаңа туған сәбиге берілетін жөргекпұлды сынап тастады. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген қоғам белсендісін елімізде ана капиталының жоқтығы алаңдатады. Заңгер Сингапурде бір айға жуық уақыт бұрын дүниеге келген жиеніне сол елдің үкіметі 9000 АҚШ долларын тағайындағанын жеткізді.

Сөз басында Ляззат Ракишева қызының жұмыс бабымен Сингапур еліне кетіп, сол елдің діні мұсылман азаматына тұрмысқа шыққанын баяндап берді.

Қоғам белсендісін шетелде дүниеге келген алғашқы жиен-немересіне тағайындалған жәрдемақы мөлшері қатты таңдандырған. Әжесі әлі қырқынан шықпаған сәбидің жеке банк картасында қазірдің өзінде 9000 АҚШ доллары жатқанын жеткізді.

Ляззат Ракишеваның сөзінше, бұдан бөлек мемлекет немересіне ай сайын 3000 доллар жәрдемақы тағайындап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орынына тегін білім алуға алдын ала тіркеп тастаған.

"Маңдайына жазғаны шетелде дүниеге келу болыпты. Әлі бір ай болған жоқ туғанына, бірақ туа сала банк картасына үкімет өмірге келгені үшін аямай ақша беріп жатыр, беріп жатыр! Осы уақытқа дейін 9000 доллар ақша жиналды. Ай сайын 3000 доллар төленетіні тағы бар екен, тамағы мен киіміне бөлек картасы бар. Одан басқа балабақшасы, мектебі, жоғарғы оқуы тегін деп туа сала тіркеп тастады. 21 жасында баспанасыз болса 90 жылға жалға пәтер беріледі екен, біреу айтса сенбес едім, өз көзіммен көріп білген соң айтып отырмын", - дейді Ляззат Ракишева.

Қоғам белсендісі әрі заңгер еліміздегі балаға деген жәрдемақыны сынға алды. Ол Қазақстандағы жағдайға қынжылысын білдірді.

"Ал біздің елде ше? Бала тусаң өзің үшін туасың! Біздің балаларға неге солай ақша төленбейді, неге сондай мүмкіншіліктер жасалмайды? Неге біздің өмірге келген балаларымызды қуана қарсы алмайды үкіметіміз? Біздің балалар кімнен кем? Неге сорымыз бес елі болып туамыз? Неге сорлап, жылап жүріп баспана аламыз? Баспанасыз қаңғып жүрген жастар!

Тамақтың бағасы айғайлап тұр! Тапқан ақшалары былай тартса мында жетпейді, халық кредит алып тамақ сатып алатын халге жетті! Ауылды жердің тұрғындарының хәлі тіпті мүшкіл! Бір шенеунік барып мұң-мұқтажын тыңдамайды ғой! Үкімет өзімен өзі, халық өз алдында өлместің күнін көріп жатыр! Неге, неге, неге деген сұрақ жылдан жылға жауапсыз қалып жатыр! Мынау түрімізбен ешқашан өспейміз. Баяғы жартас сол бір жартас болып қала береміз!", - деп ашынды құқық қорғаушы.

Балалар мен әйел құқығын қорғайтын қоғамдық қордың президенті елімізде ана капиталын қалай да болса енгізу керектігін алға тартты.

Айта кетейік, елімізде 2021 жылы бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 110 846 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 183 771 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.

Қазақстанда бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем жұмыс істемейтін әйелдерге төмендегідей есептеледі.

  • бірінші балаға – 16 802 теңге;
  • екінші балаға – 19 865 теңге;
  • үшінші балаға – 22 899 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 25 962 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем жалақысына, табысына байланысты жеке-жеке есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916900-ai-saiyn-3000-dollar-quqyqqorgausy-singapurde-tugan-nemeresine-ukimet-tagaiyndagan-zorgekpul-turaly-aitty/

pixel