Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ақылы жолдар саны беске дейін қысқарды

Опубликовано:

Тас жол
Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" биыл бірінші дәреже санатына жататын бес жол бөлігін ақылы етеді. Бұған дейін жалпы ұзындығы 5800 шақырымды құрайтын 18 жол бөлігінің ақылы болатыны айтылған еді. Алайда компания оның санын бесеуге қысқартқан деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, республикалық күре жолдардың ішінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолы ақылы болады. Оның ішінде Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент- Қызылорда және Шымкент-Ташкент аралығы.

Сондай-ақ, Щучье-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар және Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен бөліктері бар. Бұл аралықтардағы 2013 жылғы тарифпен жүруге болады.

Ол тарифпен жеңіл көліктер әрбір шақырымына 1 теңгеден, автобус орын санына қарай бір шақырымға 5-15 теңге аралығында төлейді. Жүк көліктеріне жүк салмағына қарай шақырымына 5-25 теңге аралығында тариф қойылған.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі Бауыржан Камалиденовтің сөзінше, қалған 13 жол бөлігі ақылы етуге дайын болмай шыққан.

"13 жол учаскелерінде жергілікті ақауы бар. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Зерттеу жүргізілуде. Жергілікті ақау деген бір шақырым, 500 метр, кішкене аралықтар, ойық жөндеу, орта жөндеу жүргізіледі. Осы жылы бізде ол қарастырылған", - дейді Бауыржан Камалиденов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде жүк көлік жүргізушілері автокөлік жолдарына енгізу жоспарлаған төлемақының жоғары болуына наразылық білдірген еді. Осыған байланысты мәжіліс депутаттары "ҚазАвтоЖолдың" жұмысын сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916947-elimizde-aqyly-zoldar-sany-beske-deiin-qysqardy/

pixel