RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жұмақта еркекті 70 хор қызы күтетіні рас па?": Имам даулы видеоға жауап берді

Жарияланған күні:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: svadebka.vs

Әлеуметтік желіде хиджабтағы белгісіз әйелдің жұмақтағы 70 хор қызы туралы айтылған видеосы кеңінен таралды. Ол ер адамды жұмақта 70 хор қызы мен 4900 әйел күтіп тұратынын, ер адамның о дүниеде төртеу емес, 70 әйелі болатынын сеніммен айтады. Аталған видеожазба ел арасында екіұдай пікір тудырып, дін мамандары да бұл жазбаға қатысты нақты пікір білдірген жоқ. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ дінтанушы Нұрлан Байжігітұлының пікірін сұраған болатын.

Айта кетелік, әлеуметік желілерде тараған видеода хиджабтағы белгісіз әйелдің о дүниеде ер адамға берілетін ризық туралы айтады. Нақтылай түссек, ол еркектің о дүниеде төрт емес, 70 әйелі болатынын, бұл өмірде әйелі күйеуіне ұрысса, о дүниедегі хор қыздарының "ол сенің емес, біздің күйеуіміз" деп айтатынын жеткізген еді.

Бұл видеоға қатысты пікір білдірген дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы адамға ризық-несібенің молынан емес, аз-аздан жиналатынын айтады.

"Ризық-несібе, Алла тағаланың берекесі адамға аз-аздан беріледі. Ал кейбіреулер миллиондап қонады деп ойлайды. Егер ер адам жұмыс істесе, әйелі аздап демеу жасаса, сол жеткілікті. Бұл өмірде де, тірлікте де, бала тәрбиесінде де, бақытты болуға ұмтылуда да солай. Жақында тараған видеороликті көрдім.

О дүниеде еркекті 70 хор қызы күтіп тұрады деген соң, барлығы хор қызын аңсап кетті. Хор қызы деген – дүниеде де, ақыретте де өзінің әйелі болады. Хадисте айтылады, егер өзінің бұл өмірде жалғасқан әйелі жақсы жар болып, құдайды таныса, о дүниеде 70 хор қызынан да сүйкімдірек болады дейді. Сондықтан, хор қызын аңсап жүргендерге айтарым осы. Осы өмірде әйеліңмен жақсы болып, бір-бірінің қадірін кетірмей, құдайды тану керек", - дейді имам.

Айта кетелік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы "әмин" және "әумин" сөздерінің дұрыс-бұрыстығына тоқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916995-zumaqta-erkekti-70-xor-qyzy-kutetini-ras-pa-imam-dauly-videoga-zauap-berdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 6

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Laura_up

Достаточно часто, мужчины не справедливы к своим жёнам. Они не ценят их труд, их мнения, их существование, в целом. Я думаю, что в этом мире, в этой жизни мужчине следует надлежащим образом относиться к своей жене. Что касается жён, то им тоже нужно уважать супруга. Тогда, и те, и другие будут счастливы в следующей жизни,

Comment reaction

Altosh

Жәннатқа кірген ер адамға 70 хор қызы беріледі. Бірақта, осы өмірдегі жары одан 100 есе сұлу болатыны жайында айтқан, сонда хор қыздары қызметші ретінде жіберіледі. Осы жайында естігенмін. 4900 әйел туралы мүлде есітімеппін. Осындай діни әңгіме жазып жүрген белгісіз адамдары тексеру қажет.

Comment reaction

Salimov

Міндетті түрде осындай діни әңгіме айтып жүрген адамдарды тексеру керек.

Salimov

Арнайы АТТ-ның құрамында жоқ адамдарға емін еркін халық алдына шығып діни әңгіме қозғауға неге рұқсат берілген?

Salimov

Алғашқы ғасырларда мұсылмандарды қызықтыру үшін айтылған уағыз әңгімелерді қазіргі уақытта айту қаншалықты тиімді?

Сладкий_бубалех

Шынымен бұл әйелді танымаймын. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ресми бекіткен ұстаздар айтса сенімдірек болар еді. Әрине хадиске талас жоқ, алайда оны жеткізетін адамда күмән туып тұр.

jitsu gif