Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елінде тұрғындардың 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда өңірінде инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Үкімет қолдауы нәтижесінде облыс тұрғындарының 97% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Су, кәріз желілерін салу және қайта жаңғырту үшін құны 1,4 млрд теңгенің жобалары жүзеге асуда. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ өкілдеріне арналған брифингте тоқталды.

Әкімнің айтуынша, өңірде газды тұтыну деңгейі біршамаға өскен. Айталық, қазірде облыс тұрғындарының 65% көгілдір отын пайдаланса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 67,4% ұлғаймақ.

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Өңірде жол сапасын жақсартуда кешенді жұмыстар бар. Биыл 400 шақырым болатын жол, көпір өткелдері мен көшелерді жөндеуге және салуға 17 млрд-тан астам теңге бағытталды. Нәтижесінде жол сапасы 70%-дан 75%-ға дейін жақсарады.

Брифингте өңірдің негізгі мәселесінің бірі - су деңгейінің тартылуына байланысты суды тиімді пайдаланудың жолдары айтылды.

Брифинг
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Су тапшылығы мәселесін шешу үшін Үкімет Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егінді әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылданбақ.

"Аймақтағы топырақтың қатты тұздылығын ескере отырып, біз күріштен толықтай бас тарта алмаймыз. Дегенмен, күріштің егіс алқаптарын азайтуға жұмыс жүргізудеміз. Осы жылдың өзінде күріш егісі көлемін 89,5 мың гектардан 83 мың гектарға дейін қысқарттық, келешекте бұл көрсеткішті 80 мың гектарға дейін қысқартамыз. Бүгінгі күні күрішті суға бастыру 100 пайызға орындалды.Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін ылғал сыйымдылығы аз дақылдар – соя, жүгері, майлы және жем шөп дақылдарының егістігін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917001-syr-elinde-turgyndardyn-97-paiyzy-taza-auyz-sumen-qamtylgan/

pixel