Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстық болады: Синоптиктер елімізде дауылды ескерту жариялады

Жарияланған күні:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14 маусым күні Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялап, аптап ыстық күтілетінін болжауда.

14 маусымда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

14-15 маусымда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Күндіз 15 маусымда кей жерлерде 35 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезказған қаласында күндіз 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жел болады деп күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 23 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Орал қаласында 14 маусым күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусымда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Ақтөбе қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917434-aptap-ystyq-bolady-sinoptikter-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/