Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Facebook парақшасында алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты. Ол қазақстандықтарды ұялы телефонына AnyDesk қосымшасын орнатпауға шақырды.

Әбдірахмановтың сөзінше, оңтүстік астанада қашықтан қол жеткізуге арналған AnyDesk мобильді қосымшасын пайдаланып, интернет арқылы алаяқтық жасайтындар жиілеп кеткен.

Полицей алаяқтар қолданатын схеманы да айтып берді.

"Сіздің ұялы телефоныңызға белгісіз нөмірден хабарласып, өзін қандай да бір банктің қызметкері ретінде таныстырады. Содан кейін сізе телефоныңызда вирус бар екенін және сіздің картаңыздағы ақшаңызға қауіп төніп тұрғанын, мұны тек AnyDesk қосымшасын орнатып түзетуге болатынын айтады", - деп жазды Әбдірахманов.

Оның сөзінше, қосымшаны орнатқаннан кейін алаяқтар телефонға толық қолжеткізіп, құрбанының атынан несие рәсімдейді. Сөйтіп ақшаны өзінің шотына аударып алады.

"Алаяқтардың айласына түсіп қалмаңыздар! Гаджеттеріңізге AnyDesk қосымшасын орнатпаңыздар", - дейді Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтар алматылық әйелдің атынан үш банктен 5,5 млн теңгеге несие рәсімдегенін жазған едік.

Оның сөзінше, өзін банктің қызметкері ретінде таныстырған адам жәбірленушіні телефонына құрылғыға қашықтықтан қол жеткізуге арналған қосымша орнатуға көндірген.

Осылайша, алаяқтар әйелдің атынан үш банктен 5,5 млн теңгеге несие рәсімдеп жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917475-almaty-policiyasy-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel