RU

БҚО-да бойжеткен бір топ адамның көз алдында суға батып кетті

әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы демалыс базасында қайғылы жағдай орын алды. Болған жайтқа қатысты өңірлік төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Карьерде бір қыз біздің көз алдымызда суға батып кетті. Оған ешкім көмектесе алмады. Дұрыс құтқарушылар жоқ. Бәрі жас жігіттер. Қауіпсіздік техникасы сақталмайды. Оқиға орнында әкімшілік болған жоқ. Ешкім жасанды тыныстандыруды білмейді. Күн ыстық, қаптаған адам, айнала алкоголь. Бойжеткен 1000 адамның көз алдында көз жұмды", - дейді оқиға куәгері.

Осы ретте қайғылы оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

"13 маусым күні сағат 19:5-те Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық ауылының маңындағы демалыс аймағында шомылу кезінде батып кеткен 33 жастағы азаматшаның денесі судан шығарылды. Материалдар полицияға берілді", - дейді құтқарушылар.

Сонымен бірге, ведомство 14 маусым күні "Карьер" су қоймасына 28 жастағы жігіттің батып кеткенін хабарлады. Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында қызын құтқармақ болған әйелдің қайтыс болғанын жазған едік.

Қайғылы жағдай 8 маусым күні Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде болған.

10 жасар қыз бала анасынан шомылуға рұқсат сұраған. Суға түскен ол ағысқа қарсы тұра алмаған.

Қызына көмек керек екенін көрген 43 жастағы әйел баласын құтқаруға асыққан. Бірақ өзі аман-есен жағаға шыға алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917508-bqo-da-boizetken-bir-top-adamnyn-koz-aldynda-suga-batyp-ketti/