RU

Министр Шарын шатқалының туристік болашағы туралы айтты

Шарын
Көрнекі фото: pixabay.com

Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің ел алдындағы есептік кездесуі кезінде Шарын шатқалының туристік болашағы туралы айтты деп жазады Қазақпарат.

"Алматы облысында экологиялық турзимді дамытудың бірнеше жобасы талқыланып жатқанын біліп отырмыз. Соның ішінде Шарын шатқалы да бар. Ол жерде бір айда екі рет сел жүріп, бірі қайғылы оқиғамен аяқталды. Қазір Шарын шатқалы тартымды туристік аумақтан өлім қаупі бар нысанға айналып отыр. Министрлік қолға алып отырған инвестициялық жобадан неге бас тартпайды", - деп сұрады сауал иесі.

Министр жауабында Шарын шатқалындағы селдің ықтимал жолына ешкім нысан салуды жоспарламағанын ескертті.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, жобаланып отырған визит орталық пен этноауыл, сауда дүргіршектері мен өзге нысандар шатқалдың ішіне салынғалы жатқан жоқ. Бұл нысандар үстіңгі алаңда салынады. Ол жерде қазір автокөлік тұрағы тұр, деді министр.

Сондай-ақ, ол аталмыш жоба бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін, барлық ескертпелерді сол жерде айтып, түсініксіз сұрақтарға сол жерде жауап алуға болтанын түсіндірді.

"Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау болады. Сол кезде осы мәселелерді қарауға боладый, - деді министр.

Есептік кездесу барысында ол президенттің тапсырмасы бойынша министрлік экологиялық туризмді дамытуға күш салып жатқанын атаған болатын.

Атап айтсақ, Алматы облысының 4 ірі ұлттық паркінде бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917556-ministr-saryn-satqalynyn-turistik-bolasagy-turaly-aitty/