Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіл айтамын": Алматыда әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін мойындайтынын жеткізді

Опубликовано:

Кадр
Көрнекі фото: zakon.kz

Бүгін Алматы қаласында адамды қағып өлтірген полиция қызметкері оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Патрульдік полиция көлігінің рөлінде болған тәртіп сақшысы өз қатесін мойындайтынын, марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай бейнежазбада қайғылы жағдай туралы сөз қозғады.

"Мен, Бақтияр Төлеутай, Алматы қаласы Алатау ауданының полициясында қызмет етемін. Бүгін, 14 мауым күні сағат 6.45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқанымда алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақшы болды. Мен одан қашып, көлік жуу орталығына қарай бұрылып кеттім. Сол жерде байқаусызда әйел адамды қақтым.
Мен өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Оның өлімі - орны толмас қаза. Өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын. Мен жауапкершіліктен қашпаймын", - деді полицей.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Адам өліміне алып келген жол апаты бүгін, 14 маусым күні таңғы сағат жетіде Алатау ауданы аймағында болған.

Құқық қорғау органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, Hyundai қызметтік көлігіндегі полиция қызметкері Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Сөйтіп ол күтпеген жерден маневр жасай бастаған өзге көлікпен соқтығысудан қашпақ болып көлік жуу орнының шығыс жағына қарай бұрыла бергенде, сол жердегі жаяу жүргінші әйел мен жол шетінде тұрған "ГАЗельді" қағып кеткен. "ГАЗель" жүргізушісі көлік ішінде болмаған. Ал әйел қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917560-konil-aitamyn-almatyda-aieldi-qagyp-oltirgen-policei-kinasin-moiyndaitynyn-zetkizdi/

pixel