Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмеде отырған күйеуіне телефонды аяқ киіміне жасырып өткізбек болған әйел ұсталды

Опубликовано:

Аяқ киім
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде түрмедегі күйеуіне телефонды аяқ киімнің табанына жасырып кіргізбек болған әйел ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Асыра лақтыру" жедел-алдын алу шарасын өткізді.

Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды.

Тексеру кезінде азаматтан үш зат анықталған. Оның екеуі ұялы телефон және біреуі ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктектес зат. Азаматтың бұрын сотталғаны анықталған.

Сонымен бірге, КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды тексеріп, аяқ киім табанына мұқият жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB шнурын тәркілеген.

"Екі жағдай мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Бірінші дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екінші дерек бойынша күйеуі үшін заң бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылады", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.

Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткі заттарын жасырын түрде өткізбек болған 8 жағдай анықталған. Ал "Асыра лақтыру" шарасы кезінде 20 ұялы телефон, 20 sim карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917878-turmede-otyrgan-kuieuine-telefondy-ayaq-kiimine-zasyryp-otkizbek-bolgan-aiel-ustaldy/

pixel