Алматылықтар ыстық суды өшіргені үшін жолды жауып тастады (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары Солтүстік айналма тас жолын жауып тастап, көлік кептелісіне себепкер болды. Қалалықтар жолды жабу үшін жергілікті супермаркет жанында тұрған темір қоршауларды пайдаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл жайттың видеосы Qumash Telegram арнасында жарияланған. Авторды сөзінше, тұрғындардың мұндай іс-әрекетіне ыстық судың өшірілгені себеп болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.
Ал Алматы қаласының әкімдігі KAZ.NUR.KZ тілшісіне тұрғын үй кешенін ыстық сумен "Alpha Management Services" компаниясы қамтамасыз ететін хабарлады. Ыстық су газбен жабдықталған қазандық арқылы беріледі.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл компанияның газ бойынша қарыздары бар. Сол себепті "ҚазТрансГазАймақ" АҚ газды өшіретіні туралы хабарлама жіберген.
"2021 жылдың 24 мамырында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-нан 1 477 000 теңге мөлшерінде газға қарыз екені туралы хат келген.
Өз кезегінде "Alpha Management Services" ЖШС лифті мен ақпараттық стендерде хабарландыру іліп, O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құлағдар еткен. Хабарламада газ, ыстық су, жылу үшін жиналып қалған қарызды 2021 жылдың 14 маусымына дейін төлеу керектігі айтылған. Ол жерде борышкерлердің де тізімі бар.
Тұрғындардың ыстық су және жылу үшін жалпы дебиторлық берешегі 3 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ, қала басшылығы O-Jet тұрғындарына кеше газ берілгенін, бірақ алдағы уақытта қарызды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында орналасқан кей көшелер мен ғимарттарда бір ай бойы ыстық су болмайтынын жазған едік.
Шектеулер "Әуежай" қазандығындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917892-almatylyqtar-ystyq-sudy-osirgeni-usin-zoldy-zauyp-tastady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.