Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"32 педофил бостандыққа шығады": Белгілі депутат алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

сенат11
Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Депутат Бақытбек Смағұл мәжілістің жалпы отырысында бостандыққа шығатын педофилдер мәселесін көтерді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бәрінен бұрын, бұндай қылмыс жасаған адамдардың бостандыққа шығып, қайта осындай қылмыс жасауы қоғамда, жалпы әр бір адамда алаңдатушылық тудырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы жылдың соңына дейін "32 педофил бостандыққа шығады" деген ақпарат тарады.

Бұл ретте, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен қылмыстық-атқару мекемелерінде қаншалықты тиісті жұмыстар жүргізілді және біздің пробациялық қызмет бұл санаттағы адамдармен жұмыс істеуге қаншалықты дайын деген сұрақтар туындайды", - дейді Бақытбек Смағұл мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда мәжіліс депутаты қылмыстық-атқару инспекциялары орнына пробация қызметтерінің құрылғанын еске салды. Оның негізгі функциясы -  сотталғандарды түзеп-тәрбиелеуге ықпал ету.

"Өкінішке орай, олар әлі күнге дейін ескі тәсілдермен жұмыс істейді, бұл қызметте формализм көп", - дейді ол.

Сөзін қорытындылай келе Бақытбек Смағұл ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдады.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде осы қылмыс бойынша жазасын өтеушілермен оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы бағдарламалар қабылданды ма, тиісті мамандар бар ма? Сотталғандар арасында тәрбие және идеологиялық жұмыста қандай тәсілдерді пайдаланасыздар?

Түзеу мекемелеріндегі психологиялық қызмет жүйесінің деңгейін арттыру бойынша қандай шаралар қабылданды, оған жылына қанша қаражат бөлінеді? Сотталғандарды еңбекпен қамтуда қандай жаңа тәсілдер енгізілді?", - дейді депутат.

Еске сала кетсек, бұған дейін биыл 32 педофилдің бостандыққа шығатыны психологтарды алаңдатып отырғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917933-32-pedofil-bostandyqqa-sygady-belgili-deputat-alandausylyq-bildirdi/

pixel