Әлеуметтік жәрмеңке жиылған тұрғындар үшін жәрдем болды
Жарияланған күні:
Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында орын тепкен облыстық жастар ресурстық орталығында әлеуметтік жермеңке ұйымдастырылды. Мұнда орталық жанынан құрылған әлеуметтік дүкеннің қолданыста болған тауарлары жаппай таратылды. «30 қайырымды іс» жалпыұлттық марафоны аясында ұйымдастырылған шарада қала тұрғындары өздеріне қажетті тұрмыстық заттарды таңдап, өлшемдері сай келген киімдерді алды.
Жалпы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» жалпыұлттық марафоны аясында 4 мыңнан аса тұрғынды қамтыған 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Қайырымдылық шараларда 2 жарым мың адамға көмек көрсетілді.
Игі іс аясында көпбалалы отбасынан шыққан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 58 компьютер мен 2 ноутбук табысталды.
Демеушілердің көмегімен тұрмысы төмен отбасыларға 17 тонна көмір мен күріш қалталары тегін таратылса, «Мағыналы бір күн» науқаны аясында 600 түп ағаш отырғызылды.
Волонтерлар фронт-офисі жанындағы әлеуметтік дүкеннен тұрмысы төмен
33 отбасына азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, үй жиһаздарын берді.
Ал Жалағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға жалпы құны 2 млн теңгенің көлемінде қайырымдылық көрсетілді. Шара аясында аталған санаттағы 175 отбасына азық-түлік үлестірілді.
Наурыз мерекесіне орай қала аумағында тұратын 700 отбасыға және ауылдық округтер бойынша 300 отбасыға азық-түлікті адресті түрде жеткізілді. Рамазан айында еріктілердің көмегімен қала тұрғындарына 1000 астам ауызашар себеттері таратылып, сән салонында 20 көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетілді.
Төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі өртенген Сексеуіл кентінің тұрғынына еріктілер, кент азаматтары және кәсіпкерлердің көмегімен 4 жарым миллионнан аса қаржы жиналып, табысталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918038-aleumettik-zarmenke-ziylgan-turgyndar-usin-zardem-boldy/