Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде автобус жүргізушілері жаппай ереуілге шықты

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: КТК арнасы

Кеше, 16 маусым күні Семейдегі ірі автобус паркінің жүргізушілері мен кондукторлары ереуілге шықты. Осыған байланысты көптеген бағытта көлік қозғалысы тоқтап, қала тұрғындары жұмысқа таксимен жетуге мәжбүр болды. Ереуілдің себебі – жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қарыздар деп хабарлайды КТК арнасы.

Автокөлік паркінің аумағында ондаған жүргізушілер мен кондукторлар жиналды деп хабарланды. Жұмысшылар наразылығының себебі төлемдердің кешіктірілуі және жалақы бойынша қарыздар.

Телеарнаның хабарлауынша, автопарк басшылығы қызметкерлеріне 20 миллион теңге қарыз. Сонымен қатар, зейнетақы жарналары және медициналық сақтандыру жоқ.

"Біздің парктың 50%-ы мемлекетте тиесілі. 50%! Субсидияларымыз қайда? Біздің сақтандыруы қайда? Осының бәрі қайда? Жалақы? Біз таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасаймыз, солай ма?", – деп ашуланды қоғамдық көлік жүргізушілері.

Автокөлік паркінде мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Компания әрдайым банк пен әкімдік алдындағы міндеттемелер, сондай-ақ қарыздар бойынша сот ісі бойынша жанжалдармен кезігіп отырады, деп хабарлады арна. Қызметкерлерден барлық процедуралар аяқталғанша күтуін сұрайды. Ақшаны жақын арада төлеуге уәде етілген.

"Осы сот процедуралары аяқталғанға дейін заң бойынша шешім шығаруға құқығымыз жоқ. Парктың басшылығы да солай, біраз уақыт күту керек деп ойлаймын, сонда мәселе өз шешімін табады. Бірақ әлеуметтік аударымдар мен жалақы мәселесі бірінші кезекте тұрады. Сондықтан біз бұл мәселелерді автобус паркімен бірге қарастырамыз", – деп түсіндірді Семей қаласы әкімінің кеңесшісі Димитрий Гариков.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918073-semeide-avtobus-zurgizusileri-ereuilge-syqty/

pixel