Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі telegram арнасында өткен тәулікте вирустан қайтыс болған адамдардың санын жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам көз жұмғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, 1145 адам вирус жұқтырса, тағы 57 адам пневмонияға шалдыққан.
17 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 21 132 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында:
- 435 адамның жағдайы ауыр,
- 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 73 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте 1145 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 343
- Алматы қаласы - 109
- Шымкент қаласы - 31
- Ақмола облысы - 37
- Ақтөбе облысы - 25
- Алматы облысы - 41
- Атырау облысы - 62
- Шығыс Қазақстан облысы - 76
- Жамбыл облысы - 15
- Батыс Қазақстан облысы - 84
- Қарағанды облысы - 150
- Қостанай облысы - 33
- Қызылорда облысы - 26
- Маңғыстау облысы - 39
- Павлодар облысы - 41
- Солтүстік Қазақстан облысы - 21
- Түркістан облысы - 12.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 405 209-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918103-otken-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-12-adam-qaitys-boldy/