RU

Қазақстандағы эпидемиялық ахуал: Қай өңір әлі "қызыл" аймақта тұр

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Соған сәйкес, Қазақстанның бір қаласы ғана "қызыл" аймақта тұр деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram арнасы.

2021 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша;

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы
  • "Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 1145 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшлігі, яғни 343 науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 150, Алматы қаласында 109 адамнан коронавирус анықталған.

Сонымен бірге, коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 12 қазақстандық көз жұмғанын жазған едік.

17 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 21 132 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында:

  • 435 адамның жағдайы ауыр,
  • 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 73 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталды. Оған қатысқан еріктілерге 200 мың теңге төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918109-qazaqstandagy-epidemiyalyq-axual-qai-onir-ali-qyzyl-aimaqta-tur/