Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызыл шиені қандай тағамдармен бірге жеу қауіпті: Диетолог кеңесі

Опубликовано:

Қызыл шие
Көрнекі фото: Jill Wellington / Pexels

Ресейлік эндокринолог әрі диетолог Татьяна Бочарова қызыл шиені (черешня - ред.) қандай тағам түрлерімен бірге жеуге болмайтынын айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Гастрит немесе қант диабеті секілді диагноздары жоқ, дені сау, ересек адамға күніне 200 грамм қызыл шие жеуге болады. Егер гастриті болса да, бірнеше жидек жегіңіз келсе, онда оларды қышқыл немесе жартылай қышқыл өнімдермен араластыруға болмайды. Атап айтқанда, таңқурай, шие, жүзім, алша, алма және цитрустық жемістермен араластырмау керек", - дейді Татьяна Бочарова.

Дәрігердің сөзінше, қызыл шие мен бұршақты өнімдерді де араластырмаған жөн. Яғни, фасоль немесе асбұршақ сорпасынан кейін десерт ретінде жидек жеуге болмайды.

Өйткені, қызыл шие де бұршақтар секілді ішті кептіріп, газ түзілуінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл өнімдерді араластыру ішекте мәселе туындатуы ықтимал.

Сонымен бірге, дәрігер қызыл шиені тамақ іше салысымен де жемеу керек екенін айтады. Сөзінше, кем дегенде 30 минут күту керек. Сол кезде ғана жидек ас қорыту жүйесіне оң әсерін тигізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық диетолог Эми Гудсон адам денсаулығына ең пайдалы жидекті атаған еді.

Маманның сөзінше, жидектердің жемістерге қарағанда адам ағзасына пайдасы зор.

"Олардың құрамында өсімдік талшықтары, С дәрумені және күшті антиоксидант флавоноидтер бар", - дейді Эми Гудсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918115-qyzyl-sieni-qandai-tagamdarmen-birge-zeu-qauipti-dietolog-kenesi/

pixel