RU

Алматыда карантинді жеңілдету: Нысандар мен мекемелер қалай жұмыс істейді

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте "жасыл" аймақта тұрған мегаполисте 19 маусымнан бастап жаңа қаулы күшіне енетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин жаңа қаулыда барлық нысандар 2 санатқа бөлінгенін жеткізді. Олар: Ashyq қатысушылары және қатыспайтындар. Олар үшін ережелер басқаша болады, деді оңтүстік астананың бас санитары.

  • Супермаркеттер, азық-түлік сатпайтын дүкендер, базарлар - Ashyq жүйесіне кірмейді, алайда коронавирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуін ескеріп, олар шектеусіз жұмыс істейтін болады.
  • Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасында емес, бірақ олар шектеусіз жұмыс істейді. Ерекше талап - топтық іс шаралардың өтпеуі.
  • Кеңселер қала "сары" аймақта болғанда 50% толып қызмет атқарса, қазір 30%-ы қашықтан, 70%-ы жұмыс орнында болмақ.
  • Діни мекемелер – 30% сыйымдылықпен рұқсат беріледі. 1 адамға арналған алаң 4 м2 кем емес.
  • Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, демалыс орындары - егер мекемелер Ashyq жүйесінің қатысушылары болса, онда 7.00-ден 02.00-ге дейін сыйымдылықты 50%-дан асырмау керек, яғни 70 орыннан көп болмауы тиіс. Ереже Ashyq жүйесіне қатыспайтындарға да бірдей, бірақ 50 орыннан көп болғаны жөн.
  • Асхана негізінде жасалған қоғамдық тамақтану орындары - Ashyq-қа қатыспайды, соған қарамастан олар тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.
  • Банкет залдары да жұмыс істейді. Ashyq қатысушылары - толу деңгейі 50% -дан аспайды, қатыспайтындар - 30% -дан аспайды. Банкет залдарына келушілердің саны 50 адамнан көп болмауы тиіс.
  • Моншалар - шектеусіз жұмыс істейді, бірақ олар әлі Ashyq жүйесіне енгізілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918166-almatyda-karantindi-zenildetu-nysandar-men-mekemeler-qalai-zumys-isteidi/