Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңге неліктен қайта әлсіреді: Ұлттық банк себептерін айтты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк доллар бағамы бойынша теңгенің әлсіреуіне не себеп болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иван Сердюк теңгенің аптаның басынан бастап 425,64-ке дейін нығаюынан кейін айырбас бағамы қайта әлсіреп жатқанын мойындады: бүгінгі сауда-саттықта бір доллар 426,67 теңгеге жеткен.

Сарапшының сөзінше, инфляция болжамдарын қайта қарау және федералды резервтік жүйе мөлшерлемесінің жоғарылауын күту аясында Америка Құрама Штаттарының долларының дамыған елдер валюталарының қоржынына шаққандағы индексі бір күнде 1 пайызға нығайды.

Америка Құрама Штаттары федералды резервтік жүйесінің риторикасын күшейту жағына өзгертуі дамушы нарықтардың барлық валютасы үшін тәуекел факторы болып табылады, дейді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары.

Сонымен қатар, Иван Сердюк Америка Құрама штаттарының қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі доллардың жаһандық бағамының нығаюына ықпал ететінін жеткізді.

Оның сөзінше, Америа Құрама штаттары федералды резервтік жүйесінің ашық нарықтар жөніндегі комитеттің отырысынан кейін экономикасы дамып келе жатқан елдердің 20-дан астамының валютасы әлсіреген.

Мәселен, 15-16 маусым аралығында Оңтүстік Африка ранды 1,9 пайызға, Мексика песосы 1,8 пайызға, түрік лирасы мен Ресей рублі 0,6 пайызға арзандаған.

Одан бөлек, Иван Сердюк дамушы елдердің валюталары жалпы әлсіреу үрдісімен қоса мұнай бағасының төмендеуі де теңге үшін теріс фактор болғанын жасырған жоқ.

Сарапшының дерегінше, мұнай баррелінің құны 2019 жылдан бастап 16 маусымда 74,9 долларға дейін өскен. Алайда, 17 маусымдағы таңғы жағдай бойынша, 73,9 долларға дейін 0,7 пайызға төмендеді.

Ұлттық банктің қызметкері 17 маусымдағы түзетуге қарамастан, бұл теңге үшін үрдіс оң болып қалғанын сөз етті. Апта басынан бері теңге 0,48 теңгеге (бір доллар үшін 427,15-тен 426,67-ге дейін) нығайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918206-tenge-nelikten-qaita-alsiredi-ulttyq-bank-sebepterin-aitty/

pixel