RU

Қайырымдылық жәшігін ұрлаған шымкенттік ұятқа қалды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте қайырымдылық қор жәшігіне жиналған ақшаны алып кеткен алаяқ ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шымкент қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың 16-маусымында Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында, Шымкент қаласы көшелерінің бірінде орналасқан садақа жәшігінен бейтаныс азамат өзін қайырымдылық қорының мүшесі ретінде таныстырып, ішіндегі 5.000 теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918219-qaiyrymdylyq-zasigin-urlagan-symkenttik-uyatqa-qaldy/