Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл "Алтын белгі" алған түлектердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Опубликовано:

Алтын белгі
Фото: SPUTNIK/ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл - өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген болатын. Ал биыл 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанып отыр. Олардың басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) және Шығыс Қазақстан (738) облыстарынан. Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері салтанатты шара барысында марапатталды.

"9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін дәлелдеп, "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2% құрайды. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. Сонымен қатар тағы қуантарлық жәйт — "Алтын белгі" иегерлерінің көбі мұғалім мамандығын таңдап жатыр. Болашақта дәл осындай оқушыларымыз мұғалімдердің қатарын толықтырса, нұр үстіне нұр", — дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Айта кетсек, биыл "Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қараған. Комиссия құрамына білікті әрі тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Құрылған комиссияның шешімінен кейін ғана оқу озаттарының тізімі бекітілді.

Бұл "Алтын белгі" тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды деп күтілуде.

Жалпы биыл қазақстандық оқушылар әлемдік зияткерлік байқауларға қатысып, 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге халықаралық аренада өз білімін көрсетті. Қазақстан әлемнің 110 елінің арасында бейресми командалық есепте үздік отыздыққа кірді. 1998 жылы Қазақстан 50-ші орында болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918227-biyl-altyn-belgi-algan-tulekterdin-sany-rekordtyq-korsetkiske-zetti/

pixel