Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лексус пен былғары кресло тәркіленді: Ақтөбе қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды

Опубликовано:

Әубәкіров
Фото: rikatv.kz

Бүгін сот Ақтөбе қаласының бұрынғы орынбасарына жаза тағайындады. Одан бөлек, бюджеттен миллиондар жымқыру ісі бойынша тағы төрт адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы м.а. Нұрлан Досов, сонымен қатар жергілікті серіктестіктің үш қызметкеріне қатысты атышулы сот аяқталды. Айыптау актісіне сәйкес, Ақтөбені жаңажылдық безендіруге бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген, бірақ бұл ақшаның көп бөлігін айыпталушылар иемденіп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған, ал қала демеушілік қаражатпен безендіріліпті.

Прокурорлар ұрланған ақшаның бір бөлігі Әубәкіровке Lexus, қысқы дөңгелектер жиынтығы, былғары кресло, құрылыс материалдары, унитаздың пневматикалық қақпағы және өзге де бұйымдар сатып алуға жұмсалғанын айтуда.

Іс сотқа "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша түскен. Бірақ соңында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Досов өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, ал Әубәкіров қылмысты тоқтатудың орнына арандатушылықпен айналысқаны анықталған. Тағы үшеуі қылмысқа болысқаны үшін айыпталды. Сот үкіміне сәйкес, Әубәкіров пен Досов жеті жылға бас бостандығынан айырылды, тағы екі айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бесінші сотталушы 5 жылға жазаны өтеу мерзімі кейінге шегеріле отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар сонымен бірге 90 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелді, Lexus пен былғары кресло мемлекет кірісі ретінде тәркіленді. Бесеуі де өз кінәларын мойындамады. Соңғы сөзінде экс-әкім айыптаудың негізсіз екенін, оның кінәсі дәлелденбегенін айтып, оны ақтауды сұрады.

"Менің ойымша, ешқандай заңбұзушылық та, қылмыс та болған жоқ. Прокуратура ешқандай құжатпен расталмаған дәлелдерді келтірді. Қылмыстық оқиғаның болмағаны үшін мені және өзгелерді ақтауыңызды сұраймын", - деді Әубәкіров сотта.

Ал прокурор айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918234-leksus-pen-bylgary-kreslo-tarkilendi-aqtobe-qalasy-akiminin-eks-orynbasary-sottaldy/

pixel