jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Кардиолог тромбты тудыратын тағамдарды атады

Жүрек
Көрнекі сурет: pixabay.com

Дұрыс тамақтану арқылы тромбоздың пайда болу қаупін азайтуға болады. Бұл туралы кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты Анна Кореневич "Российская Газета" басылымына сұхбатында айтып берді.

Маманның пікірінше, тромбтың пайда болуының алдын алу үшін алкогольді , қарапайым көмірсуларды және қантты, сонымен қатар К витаминіне бай тағамдарды тұтынуды азайту қажет.

Тромбты болдырмау әсіресе коронавирустық пандемия кезінде ерекше маңызға ие. Дәрігер атеросклероз және қант диабеті бар адамдар, артық салмағы барлар, темекі шегушілер мен қарт адамдар жиі тромбозға шалдығатынын алға тартты.

"Көп мөлшердегі алкоголь тромбоздың пайда болу қаупін арттырады. Максималды қауіп бірден пайда болмай, әдетте, 6-12 сағаттан кейін туындап жатады. Сондықтан барлық жүрек-қан тамырына қатысты қиын жағдайлар алкогольді ішкеннен кейін келесі күні тіркеліп жатады", - деп атап өтті маман.

Потенциалды қауіпті тағамдардың екінші тобы қарапайым көмірсулар болып табылады, оларға бірінші кезекте қант және өзге де тәттілер, нан және т.б. жатады. Көмірсулардың көп мөлшері қанға түскенде оның қоюлығының жоғарылауын тудырады, деп бөлісті Анна Кореневич өзінің YouTube арнасында.

Коронавирустық инфекциямен немесе жүректің ишемиялық ауруы кезінде сіз К дәрумені көп болатын тағамдардан аулақ болуыңыз керек деп қосты маман. Бұларға ең алдымен жасыл шай, бауыр, жасыл жапырақты көкөністер жатады.

Тромбоздың пайда болу қаупін төмендетудің тағы бір жолы - тұрақты физикалық белсенділік және жеткілікті мөлшерде су ішу.

Кардиолог тромбты тудыратын тағамдарды атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.