Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық диетолог тек қана көкөніс пен жеміс-жидек жеудің қаупін айтты

Жарияланған күні:

көкөніс
Көрнекі фото: pixabay.com

Әйелдерде ақуыздың жетіспеушілігінен етеккір циклі мен репродуктивті функцияда қиындықтар басталатындықтан вегетариан болу қауіпті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне эндокринолог-диетолог Эльвира Наурузова айтты.

Эльвира-Наурузованың сөзінше, бастапқыда вегетариандардың терісі жақсарып, витаминдер мен минералдарды жақсы сіңіреді. Бірақ біраз уақыт өткен соң олардың денсаулығында проблема туындайды.

"Қызыл етпен бірге В12 ағзаға жақсы сіңірілген түрінде түседі, содан кейін ол метилкобаламинге айналады. Егер денеде ол аз мөлшерде болса, онда гомоцистеин заты тамырларда жинала бастайды, яғни біз өзіміз инсульт, инфаркт және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырамыз. Вегетариандар ұзақ өмір сүреді, оларда ешқашан инфаркт болмайды деген аңыз", - дейді сарапшы.

Диетолог ет жеуден аз ғана уақытқа бас тартуға болатынын айта кетті. Бірақ мұны ұзақ жалғастыруға болмайды. Өйткені асқорытуға арналған ферменттер жоғалады, асқазан-ішек жолдары толығымен өзгереді. Ал әйелдерде ет ақуызының жетіспеушілігіне байланысты етеккір циклі мен репродуктивті функция бұзылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік эндокринолог әрі диетолог Татьяна Бочарова қызыл шиені қандай тағам түрлерімен бірге жеуге болмайтынын айтқан еді.

"Гастрит немесе қант диабеті секілді диагноздары жоқ, дені сау, ересек адамға күніне 200 грамм қызыл шие жеуге болады. Егер гастриті болса да, бірнеше жидек жегіңіз келсе, онда оларды қышқыл немесе жартылай қышқыл өнімдермен араластыруға болмайды. Атап айтқанда, таңқурай, шие, жүзім, алша, алма және цитрустық жемістермен араластырмау керек", - дейді Татьяна Бочарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918305-otandyq-dietolog-tek-qana-kokonis-pen-zemis-zidek-zeudin-qaupin-aitty/